Елордада 20 мың бала алғаш рет мектепке барады

24 Шілде 2019, 17:39
2151
Бөлісу:
Елордада 20 мың бала алғаш рет мектепке барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы оқу жылында елордада 20 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлімдеді.

«Жаңа оқу жылында 20 мыңнан астам жаңа оқушы келеді. Биылғы оқу жылында жалпы 162 мыңнан астам оқушы болса, жаңа оқу жылында 180 мыңнан астам оқушы болады. Сонықтан мектептердегі орын тапшылығы мәселесі болуы мүмкін деп отырмыз, бірақ осы мәселені нақты шешуге тырысамыз», - деді қалалық білім басқармасының басшысы Жанғозин.

Сондай-ақ, ол «Алматыкітап» баспасы оқулықтарды дайындайтынын, 20 тамызға дейін барлық мектеп қажетті оқулықтармен қамтамасыз етілетінін айтты.

«Оқулық өзекті мәселе. Барлық келісімшарт бекітілді. Биылғы оқу жылында 3,2 млрд астам теңге қарастырылып отыр», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Әнуар Жанғозин елордадағы үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы