Елордада үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі

24 Шілде 2019, 17:31
2513
Бөлісу:
Елордада үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин елордадағы үшауысымды мектептер мәселесі қалай шешілетінін айтты.

Оның сөзінше, қалада әлі де болсын мұндай мектептер жұмыс істеп келеді.

«Үшауысымды мектептер бойынша, әрине мәселе бар. Былтырғы оқу жылында бізде 5 үшауысымды режимде істейтін мектеп болды. №5, 14, 27, 24, 31, 40 мектептер. 31 және 40 мектепте, 24 мектепте қазіргі уақытта бізде жанамалар салынып жатыр. Биыл іске қосылады. Сондықтан осы мектептерде үшауысымды режимге байланысты мәселені шешеміз. Қалған мектептерде №5 мектеп маңайында салынып жатқан мектеп тамыз айында іске қосылады. Сондықтан бесінші мектептің проблемасын шешеміз. Кейбір мектепте келесі жылы жанамалар іске қосылады», - деді Жанғозин.

Басқарма басшысы оқушылардың ыстық тамағын ұйымдастыру мәселесі туралы да айтты. 

«Әр мектеп конкурс ұйымдастырып, жеткізушілермен келісімшарт жасайды. Тамақтандыру бойынша жаңа оқу жылында 30 астам жеткізуші болады», - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мектеп тауарларының сапасын ата-аналар қадағалай алатынын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы