11 көлік соқтығысқан: Ақмола облысында ірі жол апаты болды

5 Ақпан 2024, 04:18
898
Бөлісу:
11 көлік соқтығысқан: Ақмола облысында ірі жол апаты болды

Ақмола облысы аумағында «Екатеринбор-Алматы» тасжолының 1318 шақырымында, Бірсуат ауылы тұсында бірнеше көлік соқтығысқан ірі жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Kazinform-ға сілтеме жасап.

Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары ара қашықтықты сақтамай, жылдамдықты шамадан асырған „Toyota Camry“ көлігінің 29 жастағы жүргізушісі алда жүріп бара жатқан „Volkswagen Polo“ көлігімен соқтығысқанын анықтады. Салдарынан 11 көлік соқтығысып, 5 адам зардап шекті, олар түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді, - делінген облыстық ПД баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қайтыс болғаны туралы жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы