«Бүгінгі күннің батырлары» атты жаңа жоба басталды

3 Шілде 2019, 19:45
3844
Бөлісу:
«Бүгінгі күннің батырлары» атты жаңа жоба басталды

Алматы, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті «Бүгінгі күннің батырлары» атты жаңа жобаның тұсауын кесті. Бұл туралы ҰОК баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған жоба еліміздің намысын әлемдік сындарда абыроймен қорғаған спортшыларға арналған. Жобаның алғашқы кейіпкері – дзюдодан Олимпиада ойындарының жүлдегері Елдос Сметов. Түсірілім барысында Елдос үлкен спорттағы жеңісінен сыр шертеді. 

«2014 жылы залда отырып, ақ қағазға өз мақсаттарымды жазғанымды білемін. Азия ойындарының, әлем чемпионатының алтынын алып, Олимпиада чемпионы атанамын деп жазғанмын», - дейді Сметов әңгіме барысында. 

Елдос Рио Олимпиадасы аяқталған соң, үлкен спортпен қош айтысқысы келген. Бірақ оны татамиде бір ғана мақсат – Олимпиада алтыны ұстап қалды. 

«Жалғыз өзім мұндай жетістікке жетпес едім. Менің артымда 18 миллион жанкүйер тұр. Өз халқымның қолдауын сезінемін», - дейді ол. 

Айта кетелік, Елдос Сметов жайлы көрсетілімнің ертең шығатын екінші бөлімінде оның спорттан тыс өмірі көрініс таппақ. 

«Әзірге негізгі роликтер 1-1,5 минутты құрайды. Ал кейінірек әрбір кейіпкер туралы 10-15 минуттық видеосюжеттер жанкүйерге жол тартады. Біздің жобамыздың негізгі мақсаты – жастарды үлкен спортпен шұғылдануға шақырып, спорт жұлдыздарының жетістіктерін үлгі ету», - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы