Зияткерлік, объективтілік, адалдық секілді қасиеттер журналист мамандығының құрамдас бөлігі - министр

28 Маусым 2022, 09:02
1204
Бөлісу:
Зияткерлік,  объективтілік, адалдық секілді қасиеттер журналист мамандығының құрамдас бөлігі - министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтады. 

Бүгін елімізде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні атап өтіліп жатыр. Зияткерлік, жылдамдық, объективтілік, бейтараптық, адалдық және адамдарға көмектесуге дайын болу сияқты қасиеттер журналист мамандығының құрамдас бөлігі, - деп жазды министр.

Ол қоғамда ақпарат тарату маңыздылығына тоқталып өтті. 

Сіздермен жиі жұмыс істейтіндіктен қоғамға ақпарат таратуда және түрлі мәселелерге ден қоюдағы жұмыстарыңыздың қаншалықты маңызды екенін білемін. Әрбір мақаланың, жаңалықтың сюжеті немесе радиохабардың артында орасан еңбек жатыр. Бұл тек бір адамның ғана еңбегі емес. Операторлар, жарық берушілер, дыбыс режиссерлері, режиссерлер, монтаждаушылар, жүргізушілер, продюсерлер, журналистер, шығарушы және бас редакторлар, БАҚ-тың бірінші басшылары, сіздер бізге жаңалықтарды үздіксіз жеткізіп, елдегі және әлемдегі оқиғаларды талдайсыздар, сондай-ақ қоғамның мүддесін қорғап, оқырмандар, тыңдаушылар мен көрермендердің жаңалықтардан хабардар болу деңгейін арттырасыздар, - деді Аймағамбетов. 

Ол БАҚ өкілдеріне табыс пен жоғары рейтинг және жағымды жаңалықтардың көп болуын тіледі. 

Әртүрлі жерлердегі және әртүрлі тақырыптардағы тікелей эфирлеріңіз, мақалаларыңыз және әлеуметтік желілердегі жазбаларыңыз жүздеген тіпті мыңдаған адамның өмірін жақсы жаққа қарай өзгертеді. Сол себепті атқарып жатқан жұмыстарыңыздың маңызы зор. Барша БАҚ өкілін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс, жоғары рейтингтер және жағымды жаңалықтар тілеймін, - деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы