Жылына 15 фильмге қазақша дубляж жасалады - Оралов

25 Шілде 2023, 11:37
1844
Бөлісу:
Жылына 15 фильмге қазақша дубляж жасалады - Оралов
VIDEO
Фото: «Оппенгеймер» фильмінен скрин

Қазақша дубляжға деген сұраныс бар, жылына 3-4 фильм шығару аз. Үкімет кулуарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов кинотеатрлардағы қазақша дубляждың неге тоқтап қалғанын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және спорт министрлігінің 7 жылдық даму жоспары бекітілді. Былтыр 3-4 фильмнің дубляжы жасалған болатын. Бірақ біз тұжырымдамаға басқа көрсеткіштерді енгіздік. Енді жыл сайын дубляжданатын фильмдердің саны үш есеге көтеретін боламыз. Яғни жыл сайын 15 фильм ұсынылады, - деді ведомство басшысы.

Биыл 15 фильмді дыбыстау жоспарда бар. Алайда министр тұжырымдаманың бекітілгеніне екі ай ғана болғанын алға тартты.

Қазіргі таңда конкурстық рәсімдеу жұмыстары өткізіледі. Біз 5 жылдың ішінде 75 киноның дубляжын өткіземіз деп жоспар құрдық. Бұрын мұндай көрсеткіш болған жоқ. Келесі жылдан бастап ең мықты деген фильмнің дубляжы ұйымдастырылады, - деді Асхат Оралов.

Видео: автордан
Өзгелердің жаңалығы