«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс өткізіледі

25 Қыркүйек 2023, 17:30
884
Бөлісу:
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс өткізіледі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы – әлеуметтік және қоғамдық пайдалы міндеттерді шешуге елеулі үлес қосқан отандық және халықаралық волонтерлер мен волонтерлік топтарды, волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге және ынталандыруға, сондай-ақ волонтерлік қозғалысты дамытуға және қолдауға бағытталған.

Сыйлық 15 бағыт бойынша беріледі.

Құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 25 қыркүйек пен 14 қазан аралығында жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер мына электрондық мекенжай бойынша қабылданады: qazvolunteer@mail.kz (DOC, DOCX, PDF форматы) немесе министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қағаз және электрондық тасығыштарда (DOC, DOCX, PDF форматындағы CD-дискілерде не USB-флэш-жинақтағыштарда) Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитеттің мекенжайы бойынша: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 10, «Министрліктер Үйі» ғимараты (14-кіреберіс).

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +7 (7172) 74-10-74, 74-03-11, эл.пошта: a.syzdykova@mki.gov.kz

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру ережелері туралы толығырақ www.adilet.kz сайтынан біле аласыздар.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 бұйрығына қосымша сілтеме: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000021420

Өзгелердің жаңалығы