Жыл сайын ел аумағында мүгедек адамдардың саны өсіп келеді - Ажар Ғиният

5 Шілде 2022, 12:47
2438
Бөлісу:
Жыл сайын ел аумағында  мүгедек адамдардың саны өсіп келеді -  Ажар Ғиният

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

Айтуынша, мүгедек адамдардың саны созылмалы ауруларға және халықтың қартаюына байланысты өсуде. 

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектердің жалпы  саны 700 мыңға жуық адамды құрады. Оның ішінде 18 жасқа дейінгі балалар – 98,2 мың адам. Ауру салдарынан болатын жалпы мүгедектік құрылымында бірінші орында 18% психикалық аурулар, 15% жүрек қан айналым жүйесі ауруларынан және 12% барлық әртүрлі жарақаттан болған мүгедектік жағдайлары орын алып отыр, - деді ведомство басшысы.

Сонымен қатар ол балалар арасындағы мүгедектікке тоқталды.

Балалар арасындағы алғашқы мүгедектіктің  31%-ы – бұл туа біткен даму ақаулары, деформациялар және хромосомалық ауытқулар (4078 бала), 22%-ы –нерв жүйесінің аурулары (2897 бала, эпилепсия, балалардың церебралды сал ауруы, туа біткен бұлшықет дистрофиясы, мидың нейродегенеративті аурулары), 17%-ы – психикалық бұзылулар және мінез-құлықтық бұзылулар (2231 бала, аутизм, аутизм спектрінің бұзылуы, психикалық дамуының тежелуі, сөйлеуінің бұзылуы, мінез-құлықтық бұзылулар, ақыл-ой кемістігі). 2021 жылы алғаш рет 13 131 балаға мүгедектік белгіленген, - деп атап өтті Ажар Ғиният. 

Өзгелердің жаңалығы