Заң бұзған қостанайлықтарға 18 млн теңгеден астам айыппұл салынды

2 Наурыз 2021, 20:10
3681
Бөлісу:
Заң бұзған қостанайлықтарға 18 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының тұрғындары 2021 жылдың басынан бері 18 млн теңгеден астам сомаға карантиндік шараларды бұзған.

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Облыс аумағында шектеу шараларының жеңілдетілуіне қарамастан мониторингтік топтардың жұмысы тоқтатылған жоқ. Орта есеппен алғанда, күніне 5-тен 16-ға дейін бұзушылық анықталады.

Күнделікті алдын алу шараларына қарамастан, кәсіпкерлер карантин талаптарын бұзуды жалғастыруда: белгіленген кестеден ұзақ жұмыс істейді, мекеме қызметкерлері бетперде режимін сақтамайды, сонымен қатар ойын-сауық орындарының рұқсат етілген шамадан көп адамдарды қабылдау фактілері тіркелген, әлеуметтік ара қашықтықты сақтау мүлдем орындалмайды, ал кейбір қоғамдық тамақтану орны топтық іс-шараларды өткізуді тоқтатар емес.

2021 жылдың басынан бастап Қостанай облысының мониторингтік топтары 10 765 нысанды тексеріп, 300 астам карантиндік шаралардың бұзылғандығын анықтады. Карантиндік шараларды сақтамағаны үшін барлығы 248 хаттама толтырылып, 18 793 389 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынған, оның ішінде 63 әкімшілік айыппұл бойынша 2 859 492 теңге сомасында облыс тұрғындарының жаппай іс-шаралар өткізу, шектеу режимін, маска тағу бойынша қойылатын талаптарды сақтамағаны үшін тартылған, - делінген хабарламада.

Заң бұзушылар тізімінде: «Белая юрта» демалыс базасы; «Арсенал» ЖҚС; «Палазцо» мейрамханасы; «ХО» кафесі; «Оле» ойын-сауық орталығы; «Флора» дүкені; «Оксана» дүкені; «Магистраль» кафесі; «Вера» және т.б., сондай-ақ облыс тұрғындарының топтық отбасылық іс-шараларды үйде өткізуі фактілері де бар.

Өзгелердің жаңалығы