Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

10 Наурыз 2021, 22:49
1743
Бөлісу:
Жыл басынан бері 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ағымдағы жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 210 кәсіпорнында 2,3 мың жұмыскердің алдында 856,3 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, - делінген ведомство хабарламасында.

Аталған кәсіпорындардың басшыларына орындау үшін міндетті 189 ұйғарым беріліп, 18,5 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.  

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 1,8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. 

Оларға 814,6 млн теңге төленді.

Өзгелердің жаңалығы