Жуырда оюлардың каталогі шығады. Жинаққа оюдың 700-ден астам түрі енгізілген. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақ мәдениеті мен өнерінің жұмбағы толық ашылмаған бағыттарының бірі - ою-өрнек. Тіпті оюларды жеке бір әлем деп айтсақ та болады. Әр оюдың өз атауы мен мағынасы бар, ал бір бірімен жалғасқанда олар бір жасырын үндеу секілді мазмұн беруі мүмкін. Балбалтастарды суретке түсіріп жүргенімде ою тақырыбы да кенет қызықтырып, он жыл осы бағытта іздендім. Сол ізденістің бір нәтижесі ретінде жуырда оюлардың каталогын шығарамыз. Бұл жинаққа оюлардың 700-ден астам түрі енгізілді, - делінген жазбада.