Жүйе жаңару үшін жаңа адамдар келу керек – саясаттанушы

15 Сәуір 2022, 12:35
1975
Бөлісу:
Жүйе жаңару үшін жаңа адамдар келу керек – саясаттанушы
Фото: автордан

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа Қазақстанның негізгі мәні еститін мемлекет қағидасында жатыр. Бұл туралы саясаттанушы Айдар Әмребаев  ҚҚДИ «Sarap» эксперттік клубы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Политолог» студенттік пікірталас клубының «Саяси реформалар: тәуекелдер мен перспективалар» атты бірлескен отырысында айтты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Философия, саясаттану және дінтану институты Саяси зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы Айдар Әмребаевтың айтуынша, елде қабылданып жатқан саяси реформалардың барлығы халықтың жағдайын жақсартуға арналған.

Біз 30 жыл бойы бұрынғы жүйені косметикалық түрде өзгерткен сияқты болдық, енді соны шын мәнінде өзімізге лайықты, халықтың көңілінен шығатындай етіп өзгертіп жатырмыз. Әрбір саяси жүйенің негізгісі сайлау және билікке қатысу, яғни халық арасындағы терең ойлардың билікке келуі. Бұл тұрғыда пропорциялық монетарлық жүйе соған бағытталған,-дейді саясаттанушы.

Жүйе жаңару үшін жаңа адамдар келу керек – саясаттанушы

Оның айтуынша, бұған дейінгі саяси партиялар арасында бәсекелестік болмаған. Негізінен биліктік партияның мүшелері билікке келіп отырды, ал оның жанында 2-3 партия мүшелері ғана жүрді.

Жүйе жаңару үшін жаңа адамдар келу керек. Ол еш партияда мүше болмауы мүмкін, бірақ жеке ой-пікірі, ұстанымы,  бастамалары болуы мүмкін. Қазір әлеуметтік желіде көптеген белсенділер еш партияда болмаса да қоғамдағы басты проблемаларды атап, оны шешуде өз ойларын білдіруде. Оларға мүмкіндік беру керек, бұл пропорциялық-монитарлық жүйе осыған сәйкес келеді. Жергілікті әкімдіктерге тың ойлы жаңа адамдар келу керек. Олар халықтың тұрмыстық жағдайын жақсартуға септігін тигізеді,-дейді Әмребаев.

Жүйе жаңару үшін жаңа адамдар келу керек – саясаттанушы

Айта кетсек, іс-шараның басты міндеті Мемлекет басшысының соңғы Жолдауында айтылған саяси реформалар бойынша пікір алмасу.

Сондай-ақ жиын барысында сарапшылар мен «Sarap» эксперттік клубының мүшелері негізгі тәуекелдерді, перспективаларды бағалап, заманауи сын-қатерлерді еңсерудегі реформалардың маңыздылығын талқылады.

Жүйе жаңару үшін жаңа адамдар келу керек – саясаттанушы
Өзгелердің жаңалығы