Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды

30 Мамыр 2023, 10:44
620
Бөлісу:
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Фото: BAQ.KZ

Парламент Сенаты бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасындағы «Парасат» конкурсының басталғанын жариялайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтінім берген жылдың алдындағы жылдың 21 мамырынан бастап өтінім берген жылдың 20 мамырына дейін Сенат қызметін жария ету жөніндегі авторлық ұжымдардың да, жекелеген авторлардың да БАҚ-та жарияланған материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

Сіздерді конкурсқа қатысуға және өз жұмыстарыңызды жіберуге шақырамыз. Конкурс қағидасының толық мәтіні және өтінішке қажетті бланкі Сенаттың ресми сайтындағы «БАҚ-қа арналған» бөлімінде орналастырылды, - делінген хабарламада.

Материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады. Конкурс қорытындысы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай шығарылып, лауреаттар жарияланады.

Материалдарды Сенаттың Баспасөз қызметінің Senat_Press@parlam.kz электрондық поштасына жіберу қажет.

Конкурс қағидасы туралы толық ақпарат сілтемеде.

Өзгелердің жаңалығы