Журналистер арасындағы «Парасат» байқауы басталды

30 Мамыр 2022, 12:39
2485
Бөлісу:
Журналистер арасындағы «Парасат» байқауы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Парламент Сенаты өткізетін журналистер арасындағы «Парасат» байқауына өтінімдер қабылдау басталды. Осыған орай конкурстық комиссия құрылды. Оның құрамында журналистика саласында айқын қолтаңбасын қалдырған белгілі сенаторлар – Бейбіт Исабаев, Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігіт, Айгүл Капбарова және тағы басқа әріптестер бар, деп жазды Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында.

Байқауға қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, Президентіміздің елімізді жаңғырту бағдарының маңызын және Парламент Сенатының қызметін халыққа жеткізіп жүрген журналистер мен шығармашылық ұжымдар қатыса алады. Биыл Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде жүргізіліп жатқан реформаларды ақпараттық тұрғыдан қолдауға қосқан үлесі үшін арнайы «Жаңа Қазақстан» номинациясы беріледі. Осы ретте барлық БАҚ өкілдерін байқауға қатысуға шақырамыз, - делінген жазбада.

Жеңімпаздар дәстүр бойынша бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталады.

Байқау шарттары туралы толық ақпаратты Сенаттың http://senate.parlam.kz/kk-KZ/contests/parasat сайтынан білуге болады.

Өзгелердің жаңалығы