Журналист Мағауияның мұрасы архивке тапсырылды

29 Қыркүйек 2020, 23:55
1595
Бөлісу:
Журналист Мағауияның мұрасы архивке тапсырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық мұрағатына Қазақстанның құрметті журналисі, "Орталық Қазақстан" газетінің бұрынғы бас редакторы Мағауия Сембайдың жеке мұрағаты тапсырылды. 

Туыстары мемлекеттік сақтауға құжаттар, қолжазбалар, фотосуреттер, мақалалар мен кітаптар тапсырды.

Біздің мұрағат қызықты және шынайы құжаттармен толықты. Мағауия Сембай журналистикада 44 жыл жұмыс істеді. Көп жылдар бойы "Орталық Қазақстан" газетін басқарды. Оның мұрағаты, әрине, құнды, - дейді Қарағанды облысы мемлекеттік мұрағатының директоры Жаңагүл Тұрсынова.

Шығармашылық мұра көрмеге қойылған. Тұсаукесерге Мағауия Сембайдың әріптестері, туыстары мен достары қатысты. Журналистің өмірі мен шығармашылығы туралы деректі фильм көрсетілді.

Мағауия Сембай (1955-2019) Қарқаралы ауданының Аққора ауылында дүниеге келген. Ерте жастан шығармашылық қабілеттерін көрсете білген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Дипломмен туған өлкесіне оралып, тағдырын "Орталық Қазақстан" редакциясымен байланыстырды. Ауыл шаруашылығы бөлімінің тілшісінен бас редакторға дейін қызмет атқарып, еңбек жолын өтті. "Жауынгер қыздар", "Қолыма қалам алдым", "Алаштың алдаспаны" және т. б. публицистикалық жинақтардың авторы.

Өзгелердің жаңалығы