Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу алгоритмі

26 Тамыз 2022, 19:20
3874
Бөлісу:
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алу алгоритмі

Жұмыссыз қалған уақытта мемлекеттен әлеуметтік төлем алуға болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарты жылға дейін жоғалған табыстың 40%-ына дейінгі мөлшерде ай сайынғы төлем алуға болады (соңғы 24 айдағы ресми табыстың көрсеткіштері есепке алынады).

Жұмыстан босатылған қызметкерге төлем тағайындау үшін:

– eGov.kz порталында авторизациялану;

– «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;

– барлық жолдарды толтырып, қызметке онлайн тапсырыс беру және ЭЦҚ-мен қол қою арқылы өтінімді жіберу;

– бір күн ішінде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады;

– егер ХЖҚО 3 жұмыс күні ішінде лайықты жұмыс таба алмаса, онда өтініш берушіге жұмыссыз мәртебесі беріледі; 

– өтініш берушіге оның жаңа мәртебесі туралы SMS және төлемді алуға келісім беру туралы хабарлама келеді. Келісім алғаннан кейін төлем автоматты түрде тағайындалады.

Бұл қызметті онлайн режимде Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы да алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы