Жұмыспен қамту орталығы жалақысы жоғары жұмыстарды да ұсынады

24 Ақпан 2021, 12:26
4139
Бөлісу:
Жұмыспен қамту орталығы жалақысы жоғары жұмыстарды да ұсынады

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Жұмыспен қамту орталығының жұмыс берушілермен жұмыс бөлімінің маманы Динара Бейсенова брифинг кезінде орталықта жалақысы жоғары жұмыс түрлері де бар екенін айтты.

Жұмыспен қамту орталығы орналастыратын жұмыс қатарында жалақысы көбі де, азы да бар. Мәселен, биыл жұмыс іздеушілерді «SN ENERGY» ЖШС-не директорлыққа, «Альфа банкке» жетекші маман ретінде жұмысқа орналастырдық. Ондағы жалақы 400-700 мың теңге аралығында,-дейді ол. 

Жұмыс іздеп келген адамға алдымен орталықтағы барлық бағдарлама таныстырылады екен. Оның ішінде «Еңбек» бағдарламасы да бар. Қазір enbek.kz порталында 615 мекеме бойынша 1600-ге дейін бос жұмыс орыны бар көрінеді. 

Жұмыспен қамту орталығы сондай-ақ халықты алдайтын жұмыс берушілермен күрес жүргізіп жатқандарын мәлімдеді.

Жұмыс іздеушілерге арналған электронды платформада жұмыс берушілер ұсынысты онлайн жасай алады. Кейде біз жұмыс іздеушіні сол хабарлама бойынша жібергенде ол жалған екені анықталып жатады. Көбінде желілік маркетинг, ақша пирамидасы сияқты жалған жұмыс берушілерге тап болып жатады. Қазір біз жалақысы жоғары көрсетілген хабарламаға хабарласып, бұл жұмысқа неліктен жоғары жалақы қойып отырғандарын сұраймыз. Сол кезде олар нақты жауап бере алмай қалады. Оларды enbek.kz порталынан өшіреміз. Мұндай мониторингті жұмыс күн сайын жүргізіледі,-дейді ұмыспен қамту орталығының директоры Диляра Иманқұлова.

Өзгелердің жаңалығы