Жұмыс орындарын тексеру барысында 250 адам жұмыстан шығып қалған

27 Сәуір 2021, 14:49
1536
Бөлісу:
Жұмыс орындарын тексеру барысында 250 адам жұмыстан шығып қалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы 2020 жылдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Ұлттық баяндамада жазылған.

2020 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 264 мониторинг жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау шеңберінде 217 ұйымның қызметі зерделенді. Нәтижесінде 3,7 мың ұсыным енгізілді. Енгізілген ұсыныстар бойынша 250 адам жұмыстан шығарылып, қызметінен босатылды, - делінген баяндамада.

Агенттіктің ұсынымдары бойынша «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-да «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидалары түбегейлі түрде қайта қаралды және жыл сайын 1,3 млрд теңге үнемделетін бизнес-процестер оңтайландырылды.

ЭГТРМ-ның Экологиялық реттеу және бақылау комитетінде қоршаған ортаға залалды экономикалық бағалау әдісін таңдау мүмкіндігін беретін дискрециялық норма алынып тасталды.

Энергетика министрлігінде мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту тәжірибесі алынып тасталды.

Бұдан басқа, 2020 жылы Агенттік өткен кезеңдегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуына мониторингті жүзеге асырды.Осылайша, «СҚ-Фармация» ЖШС «қайта жүктеу» бағдарламасын іске қосты, стратегиялық маңызды бағыттар бойынша 10 жобалық топ құрылды. Тек бастапқы кезеңде 240 млн теңге сомасына әкімшілік шығыстар оңтайландырылды, - делінген ұлттық баяндамада.

Өзгелердің жаңалығы