Жұмыртқа арзандады

17 Желтоқсан 2021, 13:46
2479
Бөлісу:
Жұмыртқа арзандады
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы тауық жұмыртқасының бағасы төмендегенін мәлімдеді. Бұл туралы Петропавловск.news хабарлады.

Қауымдастық президенті Максим Божконың айтуынша, 10 желтоқсаннан бастап республиканың барлық құс фабрикасында жұмыртқаның көтерме бағасы 37 теңгеден 32-31 теңгеге дейін (16 пайыз) төмендей бастайды. Бөлшек баға біртіндеп шамамен бір аптадан кейін төмендейді.

Жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы президентінің мәлімдемесі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны келісіп отыр деген күдікке ілінген тоғыз құс фабрикасына қатысты тергеу басталғаны туралы айтылғаннан кейін жасалды.

Бұған дейін бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу мақсатында монополияға қарсы орган тоғыз құс фабрикасына қатысты 31 хабарлама (28 - өндірушілерге, үшеуі - көтерме жеткізушілерге) шығарды. Тоғыз құс фабрикасына қатысты алты тергеу тағайындалған еді (Түркістан, Павлодар, Ақмола, СҚО, Қарағанды облыстары).

Өзгелердің жаңалығы