Жозе Мануэль Баррозу Батыстың неге санкциямен шектеліп отырғанын түсіндірді

8 Маусым 2023, 16:45
919
Бөлісу:
Жозе Мануэль Баррозу Батыстың неге санкциямен шектеліп отырғанын түсіндірді
Фото: de.wikipedia.org

Халықаралық қоғамдастық тап болған негізгі сын-қатерлер қандай? Астана халықаралық форумының панельдік сессиясында Еуропалық комиссияның экс-президенті Жозе Мануэль Баррозу әлемдегі қазіргі ахуал туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда ең өзекті мәселе Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс. Былтыр ақпаннан кейін әлем өзгерді және бұл тек Еуропаның мәселесі емес. Бұл қақтығыстар соғыс алаңындағы жаңа трендтерді күшейте түсті. Оның ішінде пандемиядан кейін денсаулық сақтау саласы да айтарлықтай өзгерді. Сондай-ақ бұл соғыс АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекелестікті одан әрі күшейте түсті, - деді Жозе Мануэль Баррозу.

Оның айтуына қарағанда бүгінгі таңда әлем елдерінің арасында өзара сенім жетіспейді. Оның түсіндіруінше, қазіргі таңдағы негізгі ахуал агрессор ел шабуыл жасайды, ал агрессияға тап болған мемлекет әлемдік ұйымдарға жүгінеді. Алайда, әлемдік қоғамдастық тек санкция енгізу тәсілін қолдануға мәжбүр.

Егер саяси қатаң шешімдер қабылданса, елдер арасындағы экономикалық және логистикалық байланыстар бірден бұзылады. Мұндай мәселелерді шешу ұзақ уақыт алады, салдарынан қарапайым халық зардап шегеді. Қазақстанның санкция салмағын сезінуі әділетсіз. Бірақ оған кінәлі Батыс та, Қазақстан да емес, - деді түсіндірді ол.

Сесиияда Баррозу санкцияны тиімсіз екенін айтады.

Мен еуропалық комиссияда жұмыс істеген кезде комиссия Қырым 2014 жылы Ресейге қосылғаннан бастап, санкция жариялауға шешім шығарды. Бірақ өз басым санкциялардың тиімділігіне сенбеймін. Егер санкциялар шынымен тиімді жұмыс істесе, Солтүстік Корея мен Иран бұрыннан-ақ ядролық бағдарламаларынан бас тартатын еді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы