Жолдау онлайн талқыланды

1 Қыркүйек 2020, 23:00
1819
Бөлісу:
Жолдау онлайн талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бірлесе отырып Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған онлайн-конференция өтті.

Конференция жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, ҚР Парламенті депутаттары, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, этникалық БАҚ пен жастар ұйымдарының басшылары қатысты.

Онлайн-конференция барысында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және жүзеге асырудағы ҚХА міндеттері талқыланып, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.
Өзгелердің жаңалығы