Ауа райының қолайсыздығынан "Астана–Қарағанды" және "Астана–Павлодар" бағыттарындағы тас жолдардың уақытша жабылуына байланысты 200 жолаушы пойызбен тасымалданады, деп хабарлайды "ҚТЖ" АҚ баспасөз қызметі.
3 қаңтарда Қарағанды мен Астанаға баратын жолаушылар Сарыбел станциясынан отыра алады:
№327 "Қарағанды – Қостанай"
№43 "Алматы – Қостанай"
№121 "Семей – Астана"
№45 "Түркістан – Павлодар"
№44 "Қостанай – Алматы"
№6858 "Астана – Қарағанды"
№7556 "Астана – Қарағанды"
№108 "Астана – Жезқазған"
№145 "Қарағанды – Омбы"
Ал Астанаға баратын жолаушылар Павлодар және Ерейментау станцияларынан отыра алады:
№7501 "Павлодар – Астана"
№7509 "Павлодар – Астана"
№139 "Павлодар – Пресногорьковская"
Ұлттық тасымалдаушы ауа райының қолайсыз жағдайларында жолаушылардың тасымалын ерекше бақылауда ұстайды. Барлық азаматты өз қауіпсіздігі үшін алыс сапарлардан бас тартуға шақырамыз", - деп жазды ведомстводағылар.