Жолда қалған 40 адам астанаға пойызбен жеткізілді

17 Сәуір 2023, 14:20
863
Бөлісу:
Жолда қалған 40 адам астанаға пойызбен жеткізілді
Фото: ҚТЖ

Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қар құрсауында қалған адамдарды шығаруды ұйымдастырды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ерейментау станциясынан әйелдер мен егде жастағылар да бар 40 астам адам астанаға пойызбен жеткізілді. 

Сондай-ақ, елордадан Семей, Шымкент, Түркістан және Петропавл бағытында жүретін пойыздарға қосымша вагондарды тіркеу бойынша жедел шаралар қабылданды.

Пойыздардың өтуін қамтамасыз ету үшін тәулік бойы темір жолдарды қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде. Қармен күреске бағытталған инфрақұрылымның барлық ресурстары жұмылдырылды. 

Магистральдық желінің Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе бөлімшелері аумақтарында темір жол төсемін қардан тазарту бойынша үздіксіз жұмыстар жүргізілуде. Өткен тәулікте арнайы қар тазалау техникасының көмегімен 430 шақырымнан астам теміржол төсемі тазартылды, - деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы