Түркістан облысында кезекті кортеж жүргізушілері жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, тәртіп сақшыларының назарына Төлеби ауданы жолдарының бірінде жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілердің бейнежазбасы ілінді.
Құқық бұзушы Toyota Land Cruiser және Toyota Camry автокөліктерінің жүргізушілері, яғни Қазығұрт ауданының тұрғындары анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі мен 595-бабы 1-бөлігі бойынша хаттамалар толтырылды. Аталған көлік құралдары айыптұраққа қойылды, - делінген ІІМ таратқан мәліметте.