Жоғарғы сот судьялардың бос лауазымдарына конкурс жариялады

5 Қараша 2020, 10:28
1490
Бөлісу:
Жоғарғы сот судьялардың бос лауазымдарына конкурс жариялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылдың 2 қарашасында Жоғарғы сот кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) 237 судьяның бос лауазымдарына орналасу үшін конкурс жариялады.

Оның ішінде:

Облыстық және оған теңестiрiлген соттардың сот алқалары төрағаларының бос орындары – 10;  
Аудандық және оған теңестiрiлген соттардың төрағаларының бос орындары – 98; 
Облыстық және оған теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 19; 
Аудандық және оларға теңестiрiлген соттар судьяларының бос орындары – 110, - делінген хабарламада.

Нақты лауазымдар және кандидаттарға қойылатын талаптар туралы толық ақпарат Кеңестің vss.gov.kz сайтында орналасқан.

 


Өзгелердің жаңалығы