Жетісудағы балалар ауруханасының жағдайы нашар

13 Шілде 2023, 17:29
979
Бөлісу:
Жетісудағы балалар ауруханасының жағдайы нашар
Фото: автордан

Мұны өңір халқымен кездескен Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинаятқа көпбалалы ата-аналар айтып берді. Балалар емханасының ішінде антисанитария сақталмаған, деп хабарлайды осы өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.

Тұрғындардың айтуынша, облыста гостролог, гемотолог, вирусолог, инфексиолог, нейрохирурог, эндокринолог, эпелептолог, невролог, гостроэнтеролог секілді мамандар тапшы, тіпті жоқ десек те болады. Сол мамандарға мұқтаж ата-аналар он жылдан бері облыс әкімдігіне, сала басшыларына ұсыныс айтқанымен мәселе шешілмеген.

Менің қызым I-топ мүгедек қатарына жатады. 15 жылдан бері 25 операция жасадық. Жақында Алматыға қарып, қайыр сұрап жүріп, тағы бір ота жасаттық. Қазір көзі көрмейді, есейіп қалған қыз, маған өте ауыр. Облыстық балалр ауруханасының дәрігерлері қарағысы келмейді. Мені көрсе қашады. Оның үстіне ода эндокринолог, эпелептолог секілді мамандар жоқ. Сол үшін Алматыға, Астанаға баруымызға тура келеді. Мен мұны қанша басшылыққа айттым. Облыс әкімдігінің есігін күзетіп жүріп, қанқысымымның көтерілгеніне қарамастан жағдайымды айтып барды. Көмек қолын созған ешкім жоқ. Сенбесеңіздер, облыстық балалар ауруханасына барыңыздаршы, антисанитария мүлде сақталмаған. Жаман иіс мұрынынды жарады, - дейді көпбалалы ана Р.Тоғанбекқызы.

Жетісу облысы дербес болғалы, дәрігер тапшылығы тіпті қатты байқала бастады. Бүгінде өңір көлемінде 1 696 дәрігер, 6 740 орта медицина қызметкер жұмыс істейді. Биылғы көрсеткіш бойынша дәрігерлер тапшылығы 365 штат бірлігін құрап отыр, одан бөлек 226 орта медицина қызметкерлер ауадай қажет.

Дәрігерлерді даярлаудың үздік сапасын қамтамасыз ету мақсатында Министрлік «Резиденттер ауылға және моноқалаларға» жобасын іске асыруда. Жобаға 377 резидент қатысып, 241 клиникалық тәлімгерді тарта отырып, 156 клиникалық база жұмылдырылды. Бағдарлама болашақ дәрігерлердің ауылдық денсаулық сақтау саласындағы жұмысына бағытталған. 2022 жылы облыстың медициналық ұйымдарына 82 дәрігер келді, оның ішінде 31 маман ауылдық жерлерге. Оларды бекіту үшін ауылда сараланған еңбекақы төлеу және тұрғын үй беру түрінде қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қабылданды.100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы, 1500 айлық есептік көрсеткіште тұрғын үй салуға немесе сатып алуға бюджеттік кредит берілді. Ағымдағы жылы өңірдің қажеттілігіне сәйкес 59 түлек алдын ала бөлінді, оның 52-сі клиникалық бейіндегі түлек болды, - дейді министр Ажар Ғинаят.

Дәрігерге тапшылықтың алдын алу мақсатында биыл министрлік мемлекеттік білім беру тапсырысының шеңберінде өңірдің қажеттілігіне сәйкес 64 грант бөлген. Түстеп өтсек, анестезиологтар-реаниматологтар – 6, инфекционистер – 1, терапевттер – 3, педиатрлар – 3, акушер-гинекологтар – 7, травматологтар – 7, отбасылық медицина – 2, хирургтар – 1. Одан бөлек, жергілікті бюджет қаражатының есебінен 60 бейінді маманды даярлауға қаражат қарастырылған.

Бүгінде аталған мәселені шешу үшін облыс әкімдігі салаға нақты өажет 44 маманға тұрғын үй мен қатар үстеме ақы төлем өңірде ұстап отыр. Әйтсе бұл жәрдемнің жеткіліксіз екені даусыз. Қазір өңір басшысы Бейбіт Исабаев осы проблеманың алдын алу шараларын ұйымдастыруда.

Мен басқарма басшылары мен орынбасарларыма тапсырма бердім. Әлеуметтік қолдаудың қосымша шарасы ретінде аса тапшы мамандықтағы дәрігерлерге 5 млн-ға дейін төлем берілу шарасын қарастырып жатырмыз, - деген еді Бейбіт Өксікбайұлы халықпен кездесуде.

2023-2025 жылдары Жетісу облысының денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыру үшін медициналық техниканы сатып алуға 12,1 млрд теңге көлемінде қаражат көзделген. Медициналық ұйымдардың жабдықтар мен медициналық техникаға қажеттілігін жабу үшін алдағы 5 жылға жарақтандыру бағдарламасын бекіту жоспарлануда.

Бүгінде өңірде 4 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді. Биыл 66 мың ауыл тұрғыны қамтылған, жыл соңына дейін 120 мың тұрғынын қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, өткен жылы ауыл тұрғындары үшін профилактикалық тексерулер енгізілді. Облыс ауылдарының 7,5 мыңнан астам тұрғыны тексерілді, 278 адам динамикалық бақылауға алынды, оларда жоғары қан қысымы, қант диабеті, бүйрек патологиясы белгілері анықталды.

Негізгі аурулардың диагностикасын жақсарту үшін ауыл тұрғындарына скринингтер санын 11 түрге дейін ұлғайту көзделген.

Мемлекет басшысы тапсырмаларының шеңберінде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бекітілді. Ұлттық жобаның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектісінің, оның ішінде Жетісу облысында 59 объектінің, оның ішінде 2023 жылы – 25 объектінің, 2024 жылы – 34 объектінің құрылысы қамтамасыз етіледі, - деді министр.

Қазір өңірде денсаулық саласы ақсандап тұр. Білікті мамандардың жетіспеушілігі салдарынан сырқаттардың дені үлкен қалаларды жағалауға мәжбүр. Оған қаншама қаражет керек, ал ол қаражатты мемлекет төлеп бере алмайды.

Кездесу соңында министр көпбалалы ата-аналарға облыстық балалар ауруханасын көзбен көріп қайтуға уәде берді.

Өзгелердің жаңалығы