"7-20-25": 73 мыңнан астам қазақстандыққа қарыз берілді

4 Мамыр 2024, 00:30
492
Бөлісу:
"7-20-25": 73 мыңнан астам қазақстандыққа қарыз берілді
Фото: Артём Чурсинов -архив

"7-20-25" бағдарламасы аясында 73 811 қарыз берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Белгілі болғандай, 2 мамырдағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға 73 811 қарыз берілді.

Ал республика бойынша қарыз алудан елорда көш бастап тұр. Астанада 423,3 млрд теңгеге 26 759 өтінім қабылданған. Екінші орында – Алматы қаласы. Мегаполисте 234,6 млрд теңгеге 15 017, ал Шымкентте 68,1 млрд теңгеге 5 455 қарыз берілген.

Өзгелердің жаңалығы