Владимир Воронков Қазақстанның қандай мемлекет екенін айтты

13 Шілде 2023, 17:10
816
Бөлісу:
Владимир Воронков Қазақстанның қандай мемлекет екенін айтты
Фото: Артём Чурсинов

Қазақстан - достық пен толеранттылықтың көрінісі тапқан ел. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Терроризмге қарсы басқарманың басшысы Владимир Воронков «Өзгермелі әлемдегі Азия: болашақтың күн тәртібі» форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алдымен қазақстандық әріптестеріме қонақжайлық үшін алғыс білдіргім келеді. Қазақстанның жылы, қонақжайлығын, адамдардың бойындағы адамгершілігін келген сайын сезінесің. Шын мәнінде, бірегей мемлекет және достық пен толеранттылықтың көрінісі тапқан ел. Астана Орталық Азияның «жыл маржанына» айналды. Астана жылдан жылға көркейіп келеді. Егер Ұлттық музейге барсаңыздар, Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына куә бола аласыздар, - деп айтты ол.

БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қазір біз турбулентті әлемде өмір сүріп жатқанымызды атап өтті.

Адамзат сын-қатерлерге кезігіп жатыр. Мысалы, олардың қатарында терроризм, қақтығыстар, киберкеңістік сияқты мәселелер бар. Сонымен қатар климаттың өзгеруі, табиғи апаттар, кедейлік, теңсіздік және т.б. көріп отырмыз. Бұл сын-қатерлер адамдардың қауіпсіздігіне ықпал етіп қана қоймай, сонымен бірге оларға толықтай орнықты дамуға мүмкіндік бермей келеді, - дейді Владимир Воронков.

Өзгелердің жаңалығы