Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жетісудағы 2 гектар жерге заңсыз қоқыс өңдейтін зауыт салмақ болған

21 Маусым 2025, 15:24
351
Бөлісу:
 Артём Чурсинов
Фото: Артём Чурсинов

Жетісу облысының Алакөл ауданында кадастрлық құны 100 миллион теңгеден асатын 1655 гектар жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпкерге ҚР Жер кодексін бұза отырып, сауда-саттықсыз (аукционсыз) қоқыс өңдейтін зауыт салу үшін көлемі 2 гектардан астам жер учаскесі берілген. Талдықорған қаласы прокурорының қадағалау актісімен облыстың жер ресурстарын басқару Департаменті талап арыз беріп, сот оны қанағаттандырды. Әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, құны 3,9 миллион теңге болатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, — делінген өңірлік прокуратураның хабарламасында.

Кейінгі жылдары заңсыз қолға өткен жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып жатыр, алайда бұл жұмыстар ұзаққа созылуда. Осыған дейін Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан 22 мың гектар жер мемлекетке қайтарылған.

Өзгелердің жаңалығы