Жетісу облысында жол апатынан алты адам қаза тапты

1 Қыркүйек 2026, 19:41
АВТОР
 видеодан скриншот 1 Қыркүйек 2026, 19:41
1 Қыркүйек 2026, 19:41
183
Фото: видеодан скриншот

«Сарыөзек – Көктал» автожолының 110-шақырымында екі Chevrolet Cobalt автокөлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. 

Жетісу облысының ПД баспасөз қызметі BAQ.KZ редакциясының сауалына жауап жолдап, оқиғаны растады.

«Алдын ала мәлімет бойынша, автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам оқиға орнында қаза тауып, тағы бір адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», - деп жазылған хабарламада. 

Полиция қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдық режимінен аспауға және жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Еске салайық, бұған дейін Астанада 46 жастағы велосипедші әйел «Газельдің» астына түсіп қаза тапты

Тағы оқи отырыңыз: 

Астанада көпірде екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Ақмола облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

Қарағандыда жол-көлік оқиғасынан кейін автокөлік аударылып қалды

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ. Кайрат Абдрахман (@taldykorganec.insta_)

Наверх