Жетібайдағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты

2 Сәуір 2023, 13:47
966
Бөлісу:
Жетібайдағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты
Фото: smi24.kz

Маңғыстау облысындағы Жетібай ауылындағы жұмыссыздар аштық акциясын тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Жергілікті атқарушы органдар жүргізген түсіндіру жұмыстарынан кейін қатысушылар өз әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдады. Жергілікті атқарушы органдар, қоғам белсенділері мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары Маңғыстау облысында халықты жұмыспен қамту мәселелерін шешу бойынша алдағы жұмыстарды жалғастырады, - деп хабарлады әкімдік.

Еске салайық, Маңғыстау облысындағы Жетібай кеніші маңындағы 100-ден астам тұрғын жергілікті азаматтарға бөлінетін жұмыс санын ұлғайтуды талап етіп, аштық жариялап, мұнай саласына жұмысқа тұрғызуды талап еткен болатын.

Өзгелердің жаңалығы