Жетібай тұрғындары мұнай компаниясына жұмысқа алуды талап етті

21 Ақпан 2024, 19:28
1892
Бөлісу:
Жетібай тұрғындары мұнай компаниясына жұмысқа алуды талап етті
VIDEO
Фото: Видеодан кадр

Бүгін, 21 ақпан күні, Қарақия ауданының бірқатар жұмыссыз тұрғыны аудан басшылығына үндеу жолдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олар аудандағы өндірістік мекемелерге және West Oil компаниясында босаған орындарға жұмысқа қабылдауды талап ететіндіктерін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін West Oil компаниясының басшылары жұмысшылардың ұзақ мерзімді заңсыз ереуілі 900 млн теңге шығын әкелгенін және ереуілшілер жұмысқа шықпаса, 24 ақпаннан бастап жұмыстан шығара бастайтынын мәлімдеген болатын.

Мәлімдемеден кейін 94 қызметкер жұмыстарына қайта оралды.

Басшылық егер ереуілшілер райынан қайтпаған жағдайда, олардың орнына жұмыссыз тұрғындарды қабылдайтындарын айтты.

Өзгелердің жаңалығы