Бүгінде елімізде 160 Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.
Орталықтар мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, соның ішінде неке мен отбасын сақтауға жәрдемдесу, отбасылық жанжалдарды шешу, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар мен отбасыларды қолдаумен қамту жұмыстарын үйлестіру, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында қызмет көрсетеді.
FSM Social ақпараттық жүйесінің мәліметінше, 2025 жылы Отбасын қолдау орталықтарына 44,5 мыңнан астам өтініш түскен. Шамамен 20 мың отбасықұқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмекалса,15 мыңнан астам отбасы кешенді сүйемелдеуге алынған. Ал 2026 жылдың басынан бері 50 мыңнан астам өтініш тіркелген.
2025 жылы Отбасын қолдау орталықтарының қызметіне Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе және Алматы облыстарының тұрғындары көбірек жүгінген. Ірі қалалар арасында өтініштер саны Алматы мен Шымкентте жоғары болған. Бұл орталықтар ұсынатын қызметтерге сұраныстың артқанын және халықтың олардың жұмысына деген сенімінің күшейгенін көрсетеді.
Бүгінде Отбасын қолдау орталықтары мемлекеттік отбасылық саясатты жүзеге асыратын негізгі институттардың біріне айналып келеді.
Орталықтардың маңызды міндеттерінің бірі – мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыру, соның ішінде неке мен отбасын сақтауға жәрдемдесу және отбасылық жанжалдарды шешу.
Өңірлерде Отбасы күніне орай түрлі іс-шаралар, бала тәрбиесіне арналған оқыту сабақтары, спорттық және мәдени акциялар ұйымдастырылады. Мұндай бастамалар отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, ата-аналар мен балаларды ортақ іс-шараларға тартуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Отбасын қолдау орталықтарының желісін одан әрі дамыту, отбасыларға көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, кадрлық әлеуетті нығайту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Отбасын қолдау орталықтарын дамыту – мемлекеттік отбасылық саясаттың маңызды бағыттарының бірі. Бұл бастама отбасылық құндылықтарды нығайтуға, азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және қауіпсіз әлеуметтік орта қалыптастыруға ықпал етеді.