Жерлестеріміз мамырда қанша күн демалады

5 Сәуір 2024, 14:25
1248
Бөлісу:
Жерлестеріміз мамырда қанша күн демалады
Фото: pixabay.com

Қазақстандықтар мамырда үш мерекені атап өтеді. Соның арқасында бірнеше күн демалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"ҚР мерекелері туралы" заңның 3-бабына сәйкес, мамырда қазақстандықтар үш мерекені тойлайды:

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі;

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр – Жеңіс күні.

Осылайша жұмыс күндері мен демалыс күндерінің кестесі келесідей болады:

  • бес күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2-3 мамыр – жұмыс, 4 және 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 мамыр – жұмыс;
  • алты күндік жұмыс аптасында: 1 мамыр – демалыс, 2, 3, 4 мамыр – жұмыс, 5 мамыр – демалыс, 6 мамыр – жұмыс, 7 мамыр – демалыс, 8 мамыр – жұмыс, 9 мамыр – демалыс, 10 және 11 мамыр – жұмыс, 12 мамыр – демалыс.
Өзгелердің жаңалығы