Жамбыл облысында студент қыз әкесін сотқа берді

Студент сот арқылы университетте оқу кезеңіне алимент өндіріп алды.

10 Тамыз 2026, 19:15
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 10 Тамыз 2026, 19:15
10 Тамыз 2026, 19:15
196
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Шу аудандық соты студенттің әкесіне қатысты оқу кезеңіне алимент өндіріп алу туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талап қоюшы Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің күндізгі оқу бөлімінің ақылы негіздегі 1 курс студенті екенін атап өтті.

Белгілі болғандай, кәмелетке толғаннан кейін оған алимент төлеу тоқтатылған. Күндізгі бөлімде оқуға байланысты оның тұрақты табысы мен жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоқ, оқу ақысын төлеуге, тұруға және басқа да қажетті шығындарға байланысты шығындарды өзі көтеріп жүрген. 

Жауапкер қызына материалдық көмек көрсетуден бас тартпайтынын түсіндіріп, талапты ішінара мойындады. Бірақ оның материалдық және отбасылық жағдайын ескеруді сұрады. Сот жауапкердің екінші некеде тұратынын, 5 кәмелетке толмаған баласы, тұрақты жұмыс орны және несиелік міндеттемелері бар екенін анықтады.

Сот ата-аналардың балаларды күтіп-бағу бойынша бірдей міндеттері бар екенін ескерді. Сондай-ақ, талап қоюшының ақылы негізде оқитыны және оқу кезеңінде өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндігі жоқ екендігі назарға алынды.

Сот шешімімен жауапкерден қызының пайдасына оқу кезеңіне – 2028 жылдың шілдесіне дейін ай сайын 17 АЕК мөлшерінде алимент, сондай-ақ мемлекет кірісіне мемлекеттік баж өндірілді. Шешім заңды күшіне енді, - деп хабарлады Жамбыл облысының Шу аудандық соты.

Еске салайық, бұған дейін туған әкесін үйінен шығарғысы келген қыздың әрекеті сотта қаралды

Тағы оқи отырыңыз:

Әке пәтерін немересіне қалдырған, ал қызы қарсы шыққан: Сот дауға нүкте қойды

Қызылордада бойжеткен әкесін сотқа берді

Әкелері қайтыс болғанын 4 айдан кейін естіген: Сот шетелдегі қыздардың мұрагерлік құқығын растады

Наверх