Жер сілкінісі мен гуманитарлық дағдарыс Мьянманың қалпына келуіне кедергі келтіруде. Мьянманың орталық бөлігінде жиі және күшті жер асты дүмпулері күн сайын жалғасып, тұрғылықты халықты үрейден арылтпай тұр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Үш апта бұрын болған күшті жер сілкінісінен қатты зардап шеккен Мьянма аймақтарында негізгі қызметтер әлі қалпына келтірілмеді, ал мәйіттерді шығарып, қирандыларды тазартып жатқан құтқарушылар тұрақты жер асты дүмпулерімен және ресурстардың жетіспеушілігімен бетпе-бет келіп отыр, – деп хабарлайды NBC News.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы (OCHA) 18 сәуір күні кешке жариялаған жағдай туралы баяндамасында Мьянманың орталық бөлігінде жиі және күшті жер асты дүмпулерінің жалғасып жатқаны айтылған.
Мьянмада 28 наурызда екі жойқын жер сілкінісі болғаннан кейін үш апта өткен соң, ең қатты зардап шеккен қауымдастықтар қауіпсіз баспанасыз, таза сусыз, тұрақты электр қуатынсыз, денсаулық сақтау және негізгі қызметтерсіз қалуда, – делінген хабарламада.
7,7 балдық жер сілкінісінің ошағы Мьянманың екінші үлкен қаласы Мандалай маңында болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың 13 сәуірінде Мьянманың орталық бөлігінде магнитудасы 5,5 болатын тағы бір жер сілкінісі болған.