Жер сілкініп, жұрт қырылып жатқанда ставкамды 30 мыңға көтерем

25 Қаңтар 2024, 23:46
11389
Бөлісу:
Жер сілкініп, жұрт қырылып жатқанда ставкамды 30 мыңға көтерем
VIDEO
Фото: скрин

Айтыскер, ақын Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан жер сілкінген кезде таксистердің жол ақысын көтеріп жібергенін айтып, көптің көңілінен шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қиын кезде адамгершілікті ұмытып кететін кей адамдар туралы айтқан ащы шындығы, көпшілікті елең еткізді.

Айтыскер ақындарымыз осы жолы да әлеуметтік желіде көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Оқырмандар арасында "Әдеттегідей дөп айттыңыз", "Халықтың жағдайын әнмен жеткізіп жүрген жігіттер, жарадыңдар", "Көзге жас келді, жанашыр қазақ қайда қазір" деп пікір білдіріп, қолдап жатқандар да бар.

Еске салсақ, екі ақын жігіт өткен жолы да әлеуметтік желілердің қоғамға тигізіп жатқан кері әсерлері туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы