Көргенсіздер. Ұят-ай. Ақындар айтып-айтып тастады

16 Қаңтар 2024, 11:22
71488
Бөлісу:
Көргенсіздер. Ұят-ай. Ақындар айтып-айтып тастады
Фото: BAQ.KZ Коллаж

Айтыскерлер қазақтың көп әрекетін ұятқа балады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтыскер, ақын Жандарбек Бұлғақов пен Сырым Әуезхан әлеуметтік желіде көпшіліктің ризашылығына бөленді. Күні кеше жарияланған пост бір күнде біршама қаралым жиналып, халық та жақсы пікір білідруде. 

Туындыларын «Көргенсіздер» деп атаған олар әлеуметтік желілердің қоғамға тигізіп жатқан кері әсерлерін айтады. Және онда анайы пікір жазатын адамдарды мәдениетті болуға шақырады.

«Ұят-ай» деп атаған шығарылымда қазақ халқына тән емес, қоғамда қызу талқыға түсіп жүрген мәселелерді қозғайды.

Сөзіне келіндердің кей шырайлы,

Қалайша сау адамның миы шыдайды?

Ұят-ай

Кредитке қатын алған жігітінен,

Мәһірге 4 бөлмелі үй сұрайды

Ұят-ай

Ай-күні жетіп отқан әйелінің

Фотода қарның сүйеді шөлп еткізіп,

Ұят-ай,- деп шырқайды олар.

Сондай-ақ тегін таратылған тағамдарды халықтың ашкөздікпен алуын, тойдағы асабалардың ойындарын сыңға алады.

Бейнеге пікір білдергендер де «Шындықты айтып шырылдайсыңдар» , «Өзекті мәселелерді айтып отырсыңдар, осылай ұрпақты тәрбиелеу керек» деп жазады оқырмандар.

Ал ақындар мұндай видео түсіруді арнайы жоспарламағандарын айтады.

Ең алғаш мұндай видео бір демалыс орнының қызмет көрсету сапасының нашарлығынан түсіріліп басталған еді. Араға біршама уақыттан соң әлеуметтік желіге жүктеген видео 3 млн қаралым жинаған,- деп пікір білдірді Жандарбек Бұлғақов.

Содан бері әзіларалас бейнелерді жүктеп келе жатқан қос ақын бірнеше туындыларды түсіріп ұсынып келеді.

Өзгелердің жаңалығы