Канаданың Квебек провинциясындағы Нуввуагиттук жасыл тасты белдеуінде орналасқан жыныстардың жасы 4,16 миллиард жылға жететінін ғалымдар дәлелдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Science ғылыми журналының мәліметінше, бұл – Жер бетінде табылған ең көне тау жыныстары.
Оттава университетінің зерттеушілері жүргізген екі түрлі радиоизотоптық талдау нәтижесі бірдей болып шыққан – 4,16 миллиард жыл. Бұл көрсеткіш Солтүстік-Батыс Канададағы әйгілі Акаста гнейсінен (4 млрд жыл) де көне екенін растап отыр.
Бұл жыныстар – нағыз уақыт капсуласы. Олар бізге Жердің алғашқы қалыптасу кезеңін – магмалық мұхиттың ішінен жаңа туған планетаның бейнесін көруге мүмкіндік береді, - дейді зерттеу жетекшісі Джонатан О'Нил.
Алайда археологиялық жұмыстар алда күрделене түсуі мүмкін. Себебі жергілікті инуит қауымы жыныстарды заңсыз қазу мен интернетте сату әрекеттерінен кейін геологиялық үлгілерді жинауға уақытша тыйым салды.
Сонымен қатар зерттеу барысында әлемдегі ең сирек минерал – киавтуит те анықталды. Оның жалғыз үлгісі ғана белгілі: салмағы небәрі 1,61 карат (шамамен үштен бір грамм), жарқыраған қызғылт-сары түсті және ерекше химиялық құрамға ие, сондықтан бағасы шексіз деп саналады.