ЖЭО-дағы апат. Жезқазғанда бірден 3 жылыту қазандығы істен шықты

19 Желтоқсан 2023, 19:59
830
Бөлісу:
ЖЭО-дағы апат. Жезқазғанда бірден 3 жылыту қазандығы істен шықты
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ - архив

Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қаладағы Жылу энергия орталығындағы (ЖЭО) қазандықтардың апаттық тоқтап қалуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Шайжанов айтып өткендей, қазір төрт жылыту қазандығындағы ақау жөнделіп жатыр. Олардың басым бөлігінде жарықша пайда болған. Жазқазған қаласының басшысы оларды бүгін іске қосуға уәде етті.

Қазіргі уақытта ЖЭО-да 2 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу желілерінде нормадан 10 градус кем температура байқалады, яғни қалыпты 73 градустың орнына, бізде 63 градус. Кеше кешке №4 қазандықта жарықша пайда болды. Ақау анықталғаннан кейін қазандық өшіріліп, жөндеуге кірісті. Қазандық бүгін сағат 20:00-ге дейін қайта іске қосылатын болады. Бүгін сағат 7:15-те №5 қазандықта тағы бір жарықша анықталды. Бұл жөндеу жұмыстары таңертең аяқталады деп күтілуде. №6 қазандық бүгін сағат 10:15-те істен шықты. Түтін сорғыш қозғалтқышы істен шыққан. Аталмыш қазандық бүгін түн ортасына дейін қалыпқа келтіріледі деп күтілуде, - деді Шайжанов қала әкімдігінің Instagram-дағы парақшасында.

Әкімнің сөзінше, осы түнде 4 қазандық жұмыс істеп, температура қалыпқа келеді. ЖЭО таңертең 10.00-де 5-ші қазандықты іске қосуды жоспарлап отыр.

Әкім салған посттың астында қала тұрғындары ашуын жасыра алмады.

Сейфуллина 39. Батареялар жөн жылы. Үй суық. Қашан жылу беріледі? Бұл сұмдық қашан аяқталады?, - деп жазды желі пайдаланушыларының бірі.

Тұрғындардың басым бөлігі қалаға жаңа Жылу энергия орталығы қажет дейді.

Жаңадан ТЭЦ салу керек. Кешке қосады, ертең тағы бұзылады, - деді Гүлнар есімді қала тұрғыны.

Қала тұрғындарының арасында Шайжановқа қолдау білдіргендер де болды. Айтуларынша, әкім кабинетте отырмай, қаланы аралап жүр.

Әкім кабинетте отырмай, осылай аралап көзбен көріп жүр. Қала инфраструктурасы шаршаған, құрылғылар тозығы жеткен. Қандай әкім келсе де, ғажап бола қоймас. Мемлекеттен қаржы бөлінсе, жаңа ТЭЦ салынса, жақсы болар еді. Жол дұрысталса екен, - деді Жұбаныш есімді азамат.

Өзгелердің жаңалығы