ЖЭО-2 модернизациялау мәселесінде экология мүддесіне жүгінетін боламыз — Сағынтаев

30 Желтоқсан 2019, 20:50
3443
Бөлісу:
ЖЭО-2 модернизациялау мәселесінде экология мүддесіне жүгінетін боламыз — Сағынтаев

Алматы, BAQ.KZ. Алматылықтар үшін ең өзекті мәселенің бірі – экологияның қазіргі  жағдайы. Өйткені, залалды заттардың төрттен бірі ЖЭО-2-ден бөлінеді. Залалды заттарды  азайту үшін жылу-электр орталығының қуатын газға көшіру қажет.

Қазіргі кезде "ҚазЭнергоөнеркәсіптік" ҒЗИ мамандары ЖЭО бойынша Алматының энергокешенін газдандыру болып отыр. Қоршаған ортаға ең төмен залал келтіру үшін Алматының ЖЭО-2 модернизациялаудың жобасын әзірлеуде.

Жоба бойынша жүргізілген  алғашқы нәтижелер 2020 жылдың наурыз айында  қолға алынады. Мұнда газға көшіру және газбен тазарту қондырғыларын орнатудан бастап жаңа станция салуға дейінгі бірнеше нұсқалар қаралады. Басты мақсат - түтінді газдағы залалды заттардың құрамын ЕС стандарттарына дейін азайту.

Бүгінгі күні біз үшін модернизациялау моделін белгілеу маңызды, содан соң  сарапшылармен және жұртшылықпен бірге барлық тараптардың көңілінен шығатын шешімді ашық диалог түрінде қабылдайтын боламыз. Мұнда біз экология мүддесіне жүгінеміз, - деп атап өтті Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Қоғамдық кеңестің мүшелері Сергей Понамарев, Бекнұр Қисықов, сонымен қатар қоғам қайраткері, кәсіби энергетик Әсет Наурызбаев өздерінің сұрақтарын қойды және ұтымды ойларын ортаға салды. Олардың ұсыныстары бойынша модернизациялау жөнінде жобалық нұсқаны тәуелсіз аудит қарауы тиіс.
Өзгелердің жаңалығы