Жеңіс күніне орай елордада жеңіл атлетикалық эстафета жарысы өтті

9 Мамыр 2023, 18:46
1111
Бөлісу:
Жеңіс күніне орай елордада жеңіл атлетикалық эстафета жарысы өтті
Фото: Елордаинфо

Бүгін Астана қаласының Триатлон саябағында оқушылар, колледж, университет студенттері арасында дәстүрлі түрде өтетін жеңіл атлетикадан эстафета жарысында жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады BAQ.KZ Elorda.info-ға сілтеме жасап.

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында әр апта сайын Триатлон саябағында түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады. Соның бірі – бүгін оқушылар мен студенттер арасындағы жүгіру эстафетасы. Барлығыңызды Жеңіс күні жеңіс тұғырынан көруді бұйырсын, – деп, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Самат Жылқыбаев шараға қатысушыларға өзінің сөзін арнады.

Жүгіру эстафетасына 4 университет, 3 колледж, 16 мектеп қатысты. Жарыс талабы бойынша әрбір құрамадан 10 адам 10 кезең бойынша жалпы қашықтығы 2 200 метрді жүгіріп өтті.

Тәуелсіздік алғалы бері ұйымдастырылып келе жатқан жүгіру эстафетасының биылғы басты ерекшелігі – алғаш рет Триатлон саябағында өтіп жатыр. Бұған дейінгі жылдары шарамыз қала ішіндегі Жеңіс даңғылында бастауын алатын еді. Алайда көшедегі жөндеу жұмыстары мен адамдарға кедергі жасамау мақсатында осындай қадамға бардық. Биыл 23 команда қатысып жатыр. Алдағы жылдары командалардың саны артып, бәсекелестік артады деп сенеміз, - деді жарыстың бас төрешісі Дәулет Хамзин.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған командалар:

Мектептер арасында:

1-орын: №22 мектеп;

2-орын: №32 мектеп;

3-орын: №27 мектеп.

Жеңіс күніне орай елордада жеңіл атлетикалық эстафета жарысы өтті

Колледж арасында:

1-орын: Астана Халықаралық университетінің педагогикалық колледжі;

2-орын: Транспорт және коммуникация колледжі;

3-орын: IT колледж.

Университет арасында:

1-орын: Astana International University;

2-орын: ҚазАТК;

3-орын: Медицина университеті.

Жүлдегерлер арнайы кубок пен естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Өзгелердің жаңалығы