Алматы әуежайының терминалдарын жаңбыр суы басты

Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

 Скриншот Бүгiн 2026, 21:13
Бүгiн 2026, 21:13
186
Фото: Скриншот

Бүгін, 3 мамыр күні Алматы халықаралық әуежайы терминалдарын нөсер жаңбырдан кейін су басып қалды. Оқиға орнынан түсірілген бейнежазбалар әлеуметтік желілерде кеңінен тарады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Куәгерлердің айтуынша, су тіпті паспорттық бақылау аймағына дейін жеткен. Кейбір жолаушылар әуежай жұмысы уақытша тоқтап, кіру-шығу шектеліп, рейстер кешіктірілгенін айтады.

Ал әуежайдың баспасөз қызметі қатты жауын-шашын салдарынан T1 және T2 терминалдарының жекелеген бөліктерінде шатырдан су өткенін мәлімдеді. Мамандар мәселе шамамен 30 минут ішінде жойылғанын және бұл жағдай рейстердің орындалуына айтарлықтай әсер етпегенін атап өтті.

Қазіргі уақытта әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Әкімшілік алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін инфрақұрылымды тексеру жүргізілетінін хабарлады.

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АЛМАТИНЕЦ. Таир Жиганбаев (@almatinec_live)

Наверх