Жеңіс Қасымбек моноқалалардың проблемалары туралы айтты

21 Мамыр 2021, 16:11
2665
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек моноқалалардың проблемалары туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.

Бұл - ең үлкен мәселелердің бірі. Қарағандыда 11 қала бар. Оның тоғызы моноқалаға жатады. Ең басты проблема қалалардың инфрақұрылымы 40-60  жыл бұрын салынған. Саран, Шахтинск, Абай, Теміртау қалаларының проблемалары бірдей. Ол - инфрақұрылымның тозуы. Жылу мәселесі бар, жылу желілері, су мәселелері туралы айтсақ болады. Сондықтан біздің бюджеттен қаражаттардың көбі осы мақсатта жұмсалады, - деді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар әкім моноқалаларды жаңғырту жұмыстары бойынша жоспарлардың көп екенін және осы жылы бастау алатынын айтты.

Мысалы, Саран қаласында көп жыл салынып бітпеген орталық қазандық бар. Оны жоспар бойынша келесі жылы толығымен аяқтау жоспарланған. Локальды қазандықтар жұмыс істеп жатқан жерлер бар. Бұл дұрыс емес, әрине. Шахан кентінде де сол жағдай. Жалпы моноқалалар бойынша жоспарлар көп. Оның жартысы осы жылдың соңына дейін бітеді, – деді ол.
Еске салсақ, брифинг барысында Жеңіс Қасымбек өз өңіріндегі жұмыссыздықпен қалай күресетінін айтқан болатын.
Олжас АДАЙ
Өзгелердің жаңалығы