Жеңіс Қасымбек өз өңіріндегі жұмыссыздықпен қалай күресетінін айтты

21 Мамыр 2021, 14:54
2042
Бөлісу:
Жеңіс Қасымбек өз өңіріндегі жұмыссыздықпен қалай күресетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» өткен брифингте Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты.

Өңірдегі жұмыссыздың деңгейі 4,5 пайызды құрайды. Бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 0,4 пайызға төмен. Жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 14 мың адам жүгінген. Оның ішінде 10 мыңнан астам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту шараларымен кемінде 76 мың адам қамтамасыз етіледі. Жұмыспен қамту жол картасы бойынша 19 ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылады, - деді Жеңіс Қасымбек.

Облыс әкімі өңірдегі әлеуметтік - экономикалық даму тұрақты екенін айтты.

Жыл соңына дейін өңірлік өнім динамикасының оң қсімін күтіп отырмыз. Теміртау және Жезқазған, Балқаш қалаларында атмосфераға шығатын қалдықтар саны көп. Былтыр Экология министрлігімен кәсіпорындармен үшжақты келісімшарт орнаттық. Ол бойынша компаниялар атмосфераға қалдықтарды тазартып шығаратын қажетті қондырғыларды орнату бойынша міндеттелді, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы