Жеңіс - 75: Павлодарда үй қабырғасында әскери киімдегі қыздың суреті пайда болды

9 Мамыр 2020, 15:35
3199
Бөлісу:
Жеңіс - 75: Павлодарда үй қабырғасында әскери киімдегі қыздың суреті пайда болды
Фото: дереккөз

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің бірінің қабырғасында әскери киім киген қыз баланың суреті пайда болды. Ерекше акцияға "Жасыл ел" студенттік құрылыс және жастар жасақтарының белсенділері мұрындық болды.

Жасақ белсенділерінің айтуынша, бұл суреттің өз тарихы бар. Бұл туындыда 2010 жылы Жеңіс күнін атап өту кезінде суретке түсіп қалған қыз баланы бейнеленді. Оны павлодарлық суретші Ольга Керимова түсіріп алған. Суретші қыз баланы қанша іздегенмен, таба алмапты.

Әскери киім киген қыз баланың суреті жергілікті көркемсурет музейінде өткен көрмелерге де қойылған. Сол кезде павлодарлық қыз 3 жаста болатын. Араға он жыл өткенде танымал фотодағы қыз да табылды.

Бұл - Жеңістің 75 жылдығына арналған тартуымыз. Алып суретті "Жасыл ел" штабы аэрографиялық отрядтың мүшелері салды. Басты мақсатымыз - Отан үшін отқа түскен батырларымызға тағзым ету. Келер ұрпақты ата-баба рухында тәрбиелеуге атсалысу, - дейді облыстық "Жасыл ел" штабының жетекшісі Абай Уахит.

Айта кетейік, бұған дейін белсенді жастар Қазақстан Республикасының Ата Заң күніне орай "Бүркітші" суретін сыйға тартқан болатын. Бұл сурет Павлодар қаласының Торайғыров және Назарбаев көшелерінің қиылысында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы