Жеңілдікті микрокредит берудің жаңа тетігі әзірленді

20 Желтоқсан 2022, 13:43
1533
Бөлісу:
Жеңілдікті микрокредит берудің жаңа тетігі әзірленді

1 қаңтардан бастап Мемлекет басшысының 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында жастар үшін жеңілдікті микрокредит берудің жаңа тетігі енгізілетін болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Микрокредиттер 21 жастан 35 жасқа дейінгі, кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін не кәсіпкерлікпен айналысатын, оның ішінде тауарларды өндіру (өткізу), жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету, сату (айырбастау) үшін жеке қосалқы шаруашылықта өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жастар үшін конкурстық негізде берілетін болады.

Микрокредиттер  «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы беріледі. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 2,5% - дан аспайды. Қарыздың ең жоғары сомасы 5 млн теңгеге дейін және ол үшін кепілдің болуы міндетті.

Микрокредит кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредиттеу мерзімі ұзақтығының 1/3 (үштен бірінен) аспайды.

Жалпы алғанда, 2023 жылға арналған республикалық бюджетте жастарды микрокредиттеудің осы тетігін іске асыру үшін 28 млрд теңгеден астам қаражат көзделген, бұл 5,7 мыңнан астам жастарды жеңілдетілген микрокредитпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы