Жемқорлықпен ұсталған «Атамекеннің» экс-басшысына қатысты тың деректер шықты

11 Мамыр 2023, 10:58
1356
Бөлісу:
Жемқорлықпен ұсталған «Атамекеннің» экс-басшысына қатысты тың деректер шықты
Фото: azh.kz

Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстағаны туралы хабарланды, деп жазады BAQ.KZ.

Биыл 10 мамырда Антикоррупциялық қызмет «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқармасының экс-төрағасы А.И. Мырзахметовті ұстады. Ол алаяқтық пен кәсіпкерді оның туысын қылмыстық жауапкершіліктен босатуға жәрдемдескені үшін аса ірі көлемде пара беруге итермелеген деп күдіктенеді. Күдікті Астана қаласы ПД УҰИ-на қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша жедел-тергеу іс-шаралары кешені жүргізілуде. Оның басқа да қылмыстарға қатысы туралы ақпарат тексерілуде, - деді Антикоррупциялық қызметтің ресми өкілі Арман Тілеукенов.

Тілеукеновтің сөзінше, аталған іске қатысты тергеу жалғасуда.

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген фактілері туралы Антикоррупциялық қызметке және Call-орталыққа 1424 нөмірі бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз. Тергеу жалғасуда. ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік Кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - деп атап өтті спикер.

Өзгелердің жаңалығы