«Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ірі парамен ұсталды – Антикор

10 Мамыр 2023, 23:23
1078
Бөлісу:
«Атамекен» ҰКП бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов ірі парамен ұсталды – Антикор
Фото: aikyn.kz

«Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) бұрынғы басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов 30 млн доллар пара алғаны үшін ұсталды, деп хабарлайды деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі ақпаратты ресми түрде растады

Ақпаратты растаймыз. Әзірге мән-жайын ашып айта алмаймыз, таңертең толық ақпарат беруге тырысамыз, - деп мәлімдеген Антикор төрағасының кеңесшісі Арман Тілеукенов.

Абылай Мырзаметов 2016 жылы 16 маусымда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы болып қайта сайланған.

Өткен жылы 18 ақпанда Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағалығынан өз еркімен бас тартты.

Өзгелердің жаңалығы