"Желтоқсаншыларға" біржолғы төлемді 250 мың теңгеге ұлғайту ұсынылды

8 Желтоқсан 2023, 13:20
958
Бөлісу:
"Желтоқсаншыларға" біржолғы төлемді 250 мың теңгеге ұлғайту ұсынылды
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Бұл туралы Алматы қаласының әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мәслихаттың кезектен тыс сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттар желтоқсаншыларға біржолғы төлемді 250 мың теңгеге ұлғайтуды ұсынды. 

Бұл жоспар келесі жылға қарастырылды. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қаражатты үнемдеу есебінен және Тәуелсіздік күні қарсаңында «желтоқсандықтарға» төлемдерді ұйымдастыру мүмкіндігі қаралды. Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 1986 Жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар ҚР Тәуелсіздік күніне орай 150 мың теңге төлем беріледі. 2023 жылы бұл көмекті 702 адам алады, – деді қала әкімінің орынбасары. 

Өзгелердің жаңалығы